Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов баспасөз брифингінде биыл 10 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Әл-Фараби ауданы аумағында контейнер алаңшаларын жаңарту және контейнерлерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 192 контейнер алаңшасы және 749 қоқыс контейнері бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ағымдағы жылы 400 қоқыс контейнерін алуға қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсымен «Status-KBO Building» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і және «ЭкоСпецТранс» ЖШС-і өз қаражаттары есебінен 5 орынға жаңа үлгідегі қоқыс алаңшасын орнатты. Алдағы уақытта 20 мекенжайға жаңа үлгідегі қоқыс алаңшаларын орнату жұмыстары қолға алынбақ.
Сондай-ақ, пилоттық жоба негізінде «ЭкоСпецТранс» ЖШС-і тарапынан «Түркістан» шағынауданы Жанқожа көшесінің бойындағы 115 жеке тұрғын үйге контейнер жәшіктері орнатылды.