Праймеризге қатысушы Жұмалинова Жанель Сағындыққызының
«Инклюзивті еріктілік арқылы Қазақстанда инклюзивті қоғам құру»
БАҒДАРЛАМАСЫ
✅ 1. Ведомство аралық жұмысты күшейту:
— Мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына қызмет көрсететін салалардағы ведомство аралық байланысты күшейтуге арналған стандарттар жасап, енгізу;
— жекелеген оңалту бағдарламаларындағы барлық қызметті цифрландыру, яғни, барлық қызмет смартфонда болуы тиіс (санаторийлерге кезектен бастап ПМПК кабинеттерінде қаралуға кезекке дейін және т.б. қызметтер);
✅ 2. Баспана мәселесі:
— Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арнап өңірлік тұрғын үй бағдарламаларын қабылдау;
— баспана алудағы алғашқы жарнаны алып тастау;
— екінші нарықтан баспана алу мүмкіндігі;
— мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші отбасыларға қатысты тұрғын үй қорын бөлуде бірқатар талапты өзгерту және алып тастау;
✅ 3. Білім беру саласы:
— инклюзивті сыныптар/топтар ашу;
— инклюзивті секциялар, үйірмелер ашу (қосымша білім беру);
— ҚР Президенті Қ.Тоқаев ұсынған педагог мамандығына ата-аналардың да қатысып, тьютер атануы — мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарына өз баласына тьютер болуының нақты мүмкіндігі.
✅ 4. Денсаулық сақтау саласы:
— бірқатар медициналық протоколға өзгеріс енгізу;
— медициналық препараттармен қамтамасыз ету тізімін толықтыру (қажет препараттарды ҚР рұқсат етілген тізімге қосу керек;
— ана мен бала денсаулығы саласындағы бақылауды күшейту, профилактика;
— медициналық қызметкерлер мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру.
✅ 5. Бұқаралық спорт:
— ерекше күтімді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналарына арналған бейімді және инклюзивті спорт секцияларын дамыту.
✅ 6. Шағын орталықтар:
— қалаларда, әсіресе, ауылды жерлерде ерекше балаларды оқытатын, оңалтатын және әлеуметтік бейімдейтін шағын орталықтар ашу;
— балаларды тұрмысқа және өз бетімен әрекет етуге бейімдейтін арнайы пәтерлер ашу.
✅ 7. Әлеуметтік кәсіпкерлік:
— қалаларда, әсіресе, ауылды жерлерде әйелдер әлеуметтік кәсіпкерлігін дамыту;
— қаржыландыру: гранттар мен микронесиелер;
— мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына психолог, педагог, тьютер, ЛФК-инструктор, медициналық персонал және т.б. мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар ашу;
— осы санаттағы әйелдерді жұмысқа орналастыру;
— толық емес жұмыс күні;
— зейнетақы жасын қысқарту.
✅ 8. Инклюзивті қоғам:
— салалық ведомстваларда ақпараттық роликтер әзірлеу;
— ерекше балалардың өміріне қатысты барлық тұлғаларды біріктіру мақсатында онлайн платформалар, ата-аналармен мен мамандарға арналған форумдар құру;
— «Ерекше ата-ана» онлайн мектебін құру.
Жұмалинова Жанель Сағындыққызына қолдау көрсетуге шақырамыз!