on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «GraMad» гипермаркет желісінің жаңа нүктесі ашылды

28 августа, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «GraMad» гипермаркет желісінің жаңа нүктесі ашылды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында көтерме-тарату орталықтарының желісін дамыту мақсатында «GraMad» сауда орталығының тағы бір нүктесі Төлеметов көшесі бойынан  ашылды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов 200-ден аса адамды жұмыспен қамтып отырған жаңа сауда орталығында болып, жұмысымен танысып, ондағы азық-түлік сапасы мен бағаларын бағамдап көрді.

«GraMad» көтерме тарату орталығы — Шымкенттегі делдал қызметінсіз өндіруші өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынатын бірден-бір орталық. Бұл өз кезегінде бағалардың тұрақтылығына жағымды әсер етіп, жергілікті ерекшеліктерді ескеруге мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауының арқасында кешенде әлеуметтік тауар түрлері бекітілген бағада тұрақты түрде сатылымға шығарылуда. Онда аз қамтылған отбасылар үшін де арнайы жеңілдетілген жүйе жұмыс істейді.

Сондай-ақ, сауда орталығының ерекшелігі – сөредегі тауарлардың жартысын өздері өндіріп, сатылымға шағарады. Мәселен, макарон, жартылай фабрикат өнімдері және ас түрлері мен кондитерлік өнімдер өндіріледі. Жалпы сауда орталығында 12 мыңнан аса тауар түрі тіркелген.

«GraMad» азық-түлік дүкендер желісінің нүктелері бұған дейін  Б.Момышұлы және Жангельдин көшелерінен ашылған болатын. Жыл соңына дейін тағы 10 сауда кешенін ашу жоспарланып жатыр екен.

Tags: 3 мегаполис«GraMad» гипермаркетМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте интенсивті бау көлемі артып келеді

Next Post

Шымкентте ұлағатты ұстаздар марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі