Шымкент қаласының бағбандары бүгінде озық технология бойынша егілген қарқынды баудың өнімділігі дәстүрлі тәсілмен егілген бауға қарағанда 1,5 — 2 есеге артқанына көз жеткізіп отыр. Себебі, Шымкент қаласында соңғы екі жылда 135 гектарға қарқынды алма бағы отырғызылған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ал, биылғы жылы «Д-Сабыр» шаруа қожалығы 15 гектар аумаққа интинсивті бау екті. Бозарық тұрғын алабында орналасқан шаруашылыққа 100 млн теңге инвестиция құйылған. Мұнда алманың «Айдаред», «Ред делишес», «Джонаголд», «Глостер» сынды түрлері бар. Шетелдік жеміс ағаштарының бойы аласа болғанымен мол өнім береді. Мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, науқан кезінде жұмысшылар саны көбейеді. Аталған жобаға мемлекет тарапынан 25 млн. теңге субсидия бөлініп, қолдау көрсетілді. Мұнан бөлек, қалада биыл озық технологияны қолдана отырып өнеркәсіптік үлгідегі аумағы 5,7 гектар болатын екі жылыжай кешені іске қосылды.