Қазіргі заманның маңызды мәселелерінің бірі – ХХІ ғасырдың бетін айқындайтын ұрпақ тәрбиесі. Бұл кезеңде жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтар мен азаматтық жауапкершілікті дәріптеу, рухани мұраларымызды сақтай отырып, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру – қоғам үшін өте өзекті. Осы мәселелерге назар аудару қазіргі уақытта аса маңызды болып табылады.
Шардара ауданының «Ардагерлер орталығы» залында өткен маңызды жиынға ауданның ардагерлері, білім беру және ішкі саясат саласының мамандары, «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасы» ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ жастар тәрбиесімен айналысатын бірқатар тұлғалар қатысты. Шара барысында жастар тәрбиесіне қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар мен болашаққа арналған жоспарлар талқыланды.
«Аға буын өкілдерінің негізгі міндеті – халқымыздың мәдени мұрасын ұрпаққа жеткізу, тіл мен дінімізді, салт-дәстүрімізді құрметтеу. Сонымен қатар, жастарды қарапайымдылық, қайырымдылық, үнемшілдік сияқты асыл қасиеттерге баулуымыз керек. Отбасының бүгіні мен келешегі маңызды мәселе болып отыр, сондықтан ұрпағымызды ел патриоты етіп тәрбиелеу үшін аянбай еңбек етуіміз қажет», – деп аудан ардагері.
Сондай-ақ, шара барысында жастар тәрбиесі мәселелеріне қатысты мектептерде жиі кездесулер мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды. Ата-аналар мен білім беру мекемелерінің бірлесе жұмыс жасауы арқылы жас ұрпаққа дұрыс бағыт беріліп, олардың болашағы үшін жауапкершілік сезімін арттыру керектігі аталып өтілді.
Жиын соңында, жастар тәрбиесіне қатысты көтерілген мәселелер назарға алынып, осы бағытта бірлесе атқарылатын жұмыстар туралы келісімдер жасалды.