Сыбайлас жемқорлық — заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де айналып өткен жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы күресуіміз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған оқыту семинары жергілікті комплаенс қызметкерлеріне арналды. Бұл семинар квазимемлекеттік сектордың комплаенс офицерлерінің қатысуымен өтті. Комплаенс қызметтері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды бөлігін құрайды, олардың міндеті – заң үстемдігін, өзара сенім мен ашықтықты қамтамасыз ету. Шымкент қаласы әкім аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев бұл бағыттағы жұмыстарды атап өтіп, семинардың жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқанын айтты. Ол комплаенс офицерлерінің белсенді жұмысы жемқорлық фактілерін азайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Семинар барысында квазисектор саласында қоғаммен байланыс орнатудың тиімді коммуникация дағдылары мен жобалық менеджмент жүйесін енгізудің маңызы туралы тақырыптар талқыланды. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент филиалының доценті Сәуле Рысбаева коммуникация дағдыларының әдіс-тәсілдерін түсіндіріп, қазіргі таңда ашықтық пен айқындық қағидаларының өзектілігін атап өтті.