2-10-20 және 5-10-20 бағыты бойынша тікелей брондау жолымен өтетін тұрғын үйді несиелік сату туралы хабарланды. Брондау: 2024 жылғы 21 қазаннан сағат 10:00-ден бастап 2024 жылғы 1 қарашаның сағат 23:00ге дейін ашық болады. Іріктеу кезеңі брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтеді. Тұрғынүйлер Шымкент қаласының Бозарық мөлтек ауданында орналасқан, 5 қабатты. №35-36 тұрғын үйлер, код — 4389 Пәтер саны: 80 1-бөлмелі: 20- пәтер, максималды ауданы 42,54ш. м. 2-бөлмелі: 20- пәтер, максималды ауданы 62,19 ш. м. 3-бөлмелі: 40- пәтер, максималды ауданы 77,74 ш. м. №27-29, №28-30 үйлер, код — 4385 Пәтер саны: 160 1-бөлмелі: 40- пәтер, максималды ауданы 42,54ш. м. 2-бөлмелі: 40- пәтер, максималды ауданы 62,19 ш. м. 3-бөлмелі: 80- пәтер, максималды ауданы 77,74 ш. м №19-21 үйлер, код — 4388 Пәтер саны: 80 1-бөлмелі: 20- пәтер, максималды ауданы 42,54ш. м. 2-бөлмелі: 20- пәтер, максималды ауданы 62,19 ш. м. 3-бөлмелі: 40- пәтер, максималды ауданы 77,74 ш. м Таза әрлеуде 1 ш.м. құны: 221 330 т. Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша. 2-10-20 бойынша тұрғын үйді бөлу төмендегі санаттар арасында тепе-тең болады: — I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар; — мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; — көпбалалы отбасылар; — жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Бұл ретте мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға тұрғын үйді бөлу кезінде олардың төменгі қабаттардан алу тілектерін ескере отырып, басқа санаттағы кезекте тұрғандар алдында басымдық белгіленеді. Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар “I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар” санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес. Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады Толық ақпаратты кеңес беру орталықтарынан, 300 телефон номерінен қоңырау шалыңыз және Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.