Халықтың қолайлы жағдайда өмір сүруі үшін аудандардағы инфрақұрылым бір жолға қойылуы керек. Өйткені ол – экономиканың негізгі тетіктерінің бірі. Инфрақұрылымды арттыру үшін өңірде ауқымды шаралар қабылданып, қарқынды жұмыс жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, қазіргі таңда Абай ауданындағы елді-мекендерде табиғи газ 85 пайызға шешілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алыңында Абай ауданының әкімі Шәкір Сұлтанхан айтты.
Аудан әкімдігіне қарасты жалпы 27 елді мекенде 55 159 үй бар. Ал, 220 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық орналасқан. Сонымен қатар, 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысандар бар. Бүгінгі таңда ауданды инфрақұрылым жүйелерімен қамту көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырған өскен. Мәселен, халық 100 пайыз ауыз суммен және электр жарығымен қамтылған. Ал, табиғи газбен қамту 23 елді мекенді ғана қамтып отыр. Ол 85,2 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде екен. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ тұрғын алабында 95 пайыз, Қайнарбұлақ саяжайында 80 пайыз, Ынтымақ-2 шағын ауданында 75 пайыз, Тәуелсіздікке-20 жыл тұрғын алабында 60 пайыз құрылыс жұмысы аяқталған. Аталған 4 елді-мекенде газ жүйесінің құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланыпты. Дегенмен, аудан әкімі тұрғындарға көмір алып, қыстың қамын қазірден жасау керектігін ескертті. Себебі, сол елді-мекендердегі табиғи газдың 100 пайыз қыс түскенге дейін беріледі дегенге кепілдік жоқ екендігін айтты.
2023 жылы Абай ауданындағы 13 көше жарықтандырылып, жарықтандырылған көшелер саны 193-ке жетті, қамту көрсеткіші 15,1 пайызды құраптын. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 254 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 1,2 млрд.тг қаржы қаралған. Жұмыстар қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылуда,- дейді Шәкір Сұлтанхан.
Бұдан бөлек, Абай ауданы әкімі аппаратына 3 887,6 млн.теңге. қаржы бөлінген. Олар, мақсатты түрде мекемені күтіп ұстау шығыстары, мерекелік іс-шаралар, елді мекендерді абаттандыру, балалар алаңшасын салу, ашық спорт алаңшасын салу, гүлзар салу, қоқыс алаңшасын орнату, аяқ жол салу, мерекелік безендіру, көшелерді жарықтандыруға, мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларына, коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысына жұмсалыпты.