Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2024 жылдың 16 мамыр күні Еңбек мобильділігі орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесін жариялады. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша: Жыл басынан бері субсидияланатын жұмыс орындарына 6720 азамат жолданған. Мониторинг жұмыстарына сәйкес, 2300 азамат белгісіз себептермен жұмыс орынында болмауына басланысты жұмыстан шығарылды Субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған азаматтарға «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізу барысында 553 азамат жұмыстан шығарылды (кірістер басқармасында жеке кәсіпкер болып тіркелуіне байланысты, басқа мекемелерден зейнетақы жарналары аударылуына байланысты). Жалпы мониторинг жүргізу барысында 2853 азамат жұмыстан шығарылды. Мемлкеттік грант бойынша: 1) 2023 жылы 452 азамат мемлекеттік қайтарымсыз грант алды. Оның ішінде: 141 азамат грант қаражатын мақсатсыз жұмсағандығы анықталып, сотқа талап арыз жолданды. Бүгінгі таңда, 5 азамат өз еркімен қайтарған, 114 азаматқа соттың шешімі шығып, қаржы кері қайтарылуда. Орталықпен 7 азамат бөліп төлеу арқылы қаржыны қайтаруда, 15 азаматтың құжаты сот қарауында. Жалпы бүгінгі таңда 22 555 348 теңге қайтарылды. 2) Грантты игеруді растаудың көрсетілген мерзімі өткенге дейін грант алушылардың жеке кәсіпкерлік жапқан 12 тұлғаға қатысты тексеру жүргізіліп, 10 азаматқа қатысты сот шешімдері шыққан. 1 азамат Орталықпен бөліп төлеуге келісімге келген. 1 грант қаражатын толығымен қайтарған. 3) 2022 жылы 148 азамат 159,9 млн.теңге сомасына нысаналы мақсаты бойынша грант қаражатын пайдаланбағаны анықталып сотқа талап-арыздар жіберілген. Қазіргі уақытта мемлекет кірісіне 22,2 млн. теңге өндірілді, қалған 137,6млн. теңге сот орындаушылар палатасының өндірісінде. 4) Грант алушы азаматтардың ішінде Кірістер басқармасында жеке кәсіпкерлігін 12 айға толмай мерзімінен бұрын жеке кәсіпкерлігін жапқан 57 азаматанықталған. Аталған азаматтарға қатысты Орталық тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттен бөлінген қаражаттарды қайтару жұмыстары жүргізілетін болады. Атаулы әлеуметтік көмек бойынша (АӘК): 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жұмыс орнынан және медициналық анықтамалар жалған өткізген 94 азамат анықталды. Бүгінгі таңда 94 азаматқа қатысты АӘК тағайындалған қаражатын жалпы сомасы 23,9 млн.теңгені қайтару мақсатында сотқа талап-арыздар жолданды. Оның ішінде 9,2 млн.теңге мемлекет кірісіне өндірілді, қалған 14,8 млн.теңге Шымкент қалалсының сот орындаушылар палатасының өндірісінде.