Партиялық бақылау комиссияның мүшелері мегаполистің қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын тексеру мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссияның мүшелері Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы тармақтардың орындалуын қадағалау мақсатында Құрсай мөлтек ауданында орналасқан «110 МВт «Ақжар» қосалқы станциясының құрылыс жұмысымен танысты. Мониторинг жұмыстарына Партиялық бақылау комиссия төрағасы Ғ.Ташқараев, комиссия мүшелері С. Турсынбеков, Ғ.Ахметбаев, Б.Есимова, Э.Созақбаева және Партиялық бақылау инспекторы А.Әбілдаева қатысты. Аталған нысанның құрылысы 2023 жылы басталып, қазіргі таңда жобаның құрылыс жұмыстары 75%-ға аяқталған. Жоба іске қосылған кезде 70 мыңнан аса абонентті электрожарығымен қамтамасыз етеді. Оған қоса «Дала транс» және «Кока кола» зауыттарын электр қуатымен қамтамасыз ететін болады. Жалпы бұл жобаның құны 7,6 млрд теңге. Игерілгені 6,4 млрд теңге. 317 млн теңге 2024 жылға қаралып тұр. Ағымдағы жылдың 4-тоқсанында нысаның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссияның мүшелері мегаполистің қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын тексеру мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Осы мақсатта Партиялық бақылау комиссия төрағасы Ғ.Ташқараев, комиссия мүшелері С. Турсынбеков, Ғ.Ахметбаев, Б.Есимова, Э.Созақбаева және Партиялық бақылау инспекторы А.Әбілдаева «3-Энергоорталық» АҚ жұмысымен танысты. «3-Энергоорталық» АҚ жылу маусымына 1 млрд 80 млн теңге бөлген. Бұл қаржыға №2 турбоагрегаты күрделі жөндеуден өткен. Сонымен қатар корпустардан жылу оқшаулауын бөлшектеу, ақауларды жою, тозған қосалқы бөлшектерді тазалау және ауыстыру, тығыздағыштары бар роторларды құрастыру секілді ауқымда шаруалар атқарылғанын жауапты мамандар жеткізді.