Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер, ұлттық жол активтері сапасы орталығының мамандары және қоғам белсенділері құрамындағы мониторингтік топ Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылының құрылысына (жалғасы) мониторинг жүргізді. Оны іске асыру 6 жылдан астам уақыт бұрын басталған, ал жобаның құны қазірдің өзінде 35,4 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жол құрылысы мониторингі барысында Жол активтері сапасының ұлттық орталығы арнайы зертханасында жол қабатының қалындығын және тығыздалу коэффициентін анықтау үшін асфальтбетонды керн үлгілері іріктеліп алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Мемлекет басшысының осы бағыттағы жұмысты күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басым бағыттары бойынша жұмыстар атқарылып отыр. Барлық мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа көшіру және оларды алу кезінде кедергілерді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою қажеттігін өтеу бойынша қала билігі жол картасын әзірлеп, бекіткен. Бұл орайда ішкі талдау институтын қалыптастыру, барлық салада автоматтандыру жүйелерін енгізудің маңызы зор. Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында негізгі басымдық алдын алуға бағытталып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоюдың тиімді құралдары бар. Бұл – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты. Оны мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүргізуі тиіс. Биыл түрлі салада жемқорлық тәуекелдеріне 200-ге жуық талдау және мониторинг жүргізіліп, 1 500-ден астам ұсыныс берілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің өңірлік карталары енгізіліп, салалардың жұмысын бағалау жолға қойылды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен қатар өткір тұр. Сыбайлас жемқорлық-бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің имиджін төмендетеді. Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық кез-келген қоғамда, кез-келген мемлекетте орын алады. Оның мүлдем жоқтығын айта алатын елдер жоқ. Әлемнің барлық мемлекеттері сыбайлас жемқорлыққа тап болады. Сонымен қатар, қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық біртіндеп мемлекетішілік проблемадан жаһандық проблемаға айналуда. Қазір барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз үлгілерін қайта қарауда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдауда.