Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет деп айтқаны баршамызға мәлім. Осы орайда Шымкент қаласында цифрландыру бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Қандай жобалар бар? Шымкент қаласын цифрландыру 8 негізігі саладан (қаланы басқару, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту және т.б) тұратын тұжырымдама бойынша жүргізілді. Қаланы басқарудағы жақсы көрсеткіштің бірі ретінде 160 мемлекеттік қызметтің 141 автоматтандырылып, оның ішінде балаларды балабақшаға, мектепке қабылдау, лагерьге жолдама беру және т.б қызметтер автоматтандырылып жылдың соңына дейін интеграцияланатынын айтты. Сондай-ақ қалада мемлекеттік жеке меншік әріптестік арқылы білім, денсаулық салаларын компьютермен жабдықтау жұмысы қолға алынған. Жер қатынастарын реттеу аясында «Halyksaulet» геопорталы әзірленіп іске қосылған. «Қауіпсіз аула» жобасы бойынша «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, 2000 жуық аулаларға бейне камералар орнатылды. Жыл соңына дейн қала көшелеріне 1500 бейнекамера орнату жопарланған. «Ақылды қала» эталондық стандарты білім, қауіпсіздік, көлік, қаланы басқару және т.б бағыттарын жүзеге асыруға Холдингтің әзірлеген ұсыныстарына тоқталып өтті. Оның айтуынша «Ақылды қала» эталон стандартын құрудың негізігі 3 мақсаты бар, олар қала тұрғындарының өміріне қауіпсіз және жайлы жағдай жасау, қаланы инфрақұрылым басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, қалалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Шымкент қаласында цифрландыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда пилоттық режимде Тәуке хан даңғылының 3 қиылысында (Қазыбек би, Тәшенов және Дулати көшелерінің қиылысы) жол қозғалысын реттейтін автоматтандырылған бағдаршамдар орнатылды. Интеллектуалды көлік жүйесі (ИТС) қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесе қолға алынып отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде қалада қиылыстардағы көлік қозғалысы тиімділігі 42-48 %-ға артып, кептелістер санының азаюы, өткізу қабілеттілігінің жоғарылауы сынды оң нәтижелерге қол жеткізілді. Сондай-ақ, жиында «Ақылды аялдамалар» жобасы таныстырылды. Бүгінде қалада аялдамалар жаңартылуда. Алайда бірде-бір аялдамада қоғамдық көлік қозғалысының уақыты, ағымдағы уақыт, ауа температурасы көрсетілген ақпараттық тақта орнатылған жоқ. Атап айтқанда, әр аялдамада ақпараттық тақта орнату, қоғамдық көліктің GPS трекерлерін 2GIS, Yandex, Open Shymkent қосымшаларымен біріктіру көзделуде.