Оқу жылының бірінші күні қалалық полиция департаментінің басшылығы ішкі істер органдарының ардагерлерімен бірге «Жас сақшы» сыныптарының оқушыларымен кездесу өткізді. Аталған сыныптар өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің құрметіне ашылған болатын.
Кездесу барысында жас тәртіп сақшыларына қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан құқық қорғаушылардың батыл әрекеттері туралы баяндалды. Сондай-ақ, балалар қызметте батылдығымен көзге түскен полиция қызметкерлерімен де тілдесіп, олардың күнделікті жұмысы туралы білді. Полицейлердің айтуынша, мұндай кездесулер балалардың бойында патриотизмді, өз халқына деген сүйіспеншілікті, тарихқа құрметпен қарауды және қазіргі мен болашаққа жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеуге бағытталған. ІІО ардагерлері мен полицейлер кадеттерді оқу жылының басталуымен құттықтап, болашақта олар еліміздің лайықты азаматтары болатынына және әрқашан құқықтық тәртіпті сақтайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ оқушыларды білімді табандылықпен игеруге және өз бойында ең жақсы қасиеттерді тәрбиелеуге шақырды. Полиция қызметкерлерінің атқарылып жатқан жұмыстарының нәтижесі мен кемшіліктері жедел кеңестерде талқыланады. Оның барысында басым бағыттар айқындалады. Облыс көлемінде қылмыстың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар ылғи өткізіледі. Мұның бәрі нәтижесіз емес. Қолға алған шаралардың арқасында қылмыстың тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеп келеді. Қазір өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты. Бұл – кешенді әрі уақытылы қабылданған шаралардың нәтижесі. Мысал ретінде айтар болсам, биыл аса ауыр қылмыстар 61,3, ұрлық 28,5, пәтер тонау 24, мал ұрлығы 53,8 пайызға төмендеді. Осы фактілерге қарап отырып, жұмыстар нәтижесіз деп айта алмаймыз. Қызметтік бағыттан бөлек, қайырымды істерге де ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, қайырымдылық акциясы шеңберінде облыстық полиция департаментінің ардагерлер кеңесімен бірлесіп, қорға аударылған бір күндік жалақы есебінен кадр саясаты басқармасы, қалалық полиция басқармасы мен барлық аудандық полиция бөлімінің ұжымы тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға үнемі қолдау көрсетіп, азық-түлік, басқа да тұрмысқа қажетті заттар үлестіріп тұрамыз. Қазір барлық сала ашықтық пен жариялылық қағидатын ұстануда. «Жұртқа жақын полиция» қағидаты жергілікті полиция қызметінің жұмысына жаңа серпін берді десек, жансақ айтпаймыз. Қоғаммен ашық тіл табысу, азаматтардың сеніміне ие болу, атқарылған жұмыстарды ашық көрсетіп, көпшілікпен бірлесе қылмыстың алдын алу әрбір учаскелік полиция инспекторының басты мақсатына айналғанда ғана сала жұмысы нәтижелі болатыны сөзсіз.