Жалпы өрт – бұл тілсіз жау. Өрттің шығатын негізгі себептері электр аспаптарының, электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, өрт көздерін абайсыз пайдаланудан болуда. Әл Фараби ауданында Б.Момышұлы даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған қалалық дәмханалардың бірінде төбе жабыны мен сыртқы сорғыш құбырдың өрттенуі орын алды. Өрт сөндірушілер дәмхана мен тұрғын үйден 20 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады. Өрт сөндірушілер оттың тұрғын үйге таралуына жол бермей, өртті 15 шаршы метр алаңда сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ кәсіпкерлердің назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігіне аударады. Департамент басшысы дала, орман өрттерін алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарды жандандыру керектігін тілге тиек еткен болатын. Бүгінде 1075,3 шақырымды құрайтын минералды жолақтарды құру жұмыстары жүргізіліп, шаруашылық қожалықтар мен тұрғындардың арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды, арнайы өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілген. Қазіргі таңда Департаментте жалпы 117 бірлік арнайы және қосалқы техникалары бар, жабдықталуы 96,6% құрайды. Өткен жылы министрліктен 5 бірлік заманауи өрт сөндіру және қызметтік автокөліктері берілді. Төтенше жағдайдың алдын алу, оның салдарын жою қазіргі уақыттың өзекті мәселесі болып отыр. Төтенше жағдай болған жағдайда адамдарды құтқарудағы білікті іс-қимыл жасау, оларға қажет көмек көрсету және апат ошағында құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіндік жасайды. Бұндай жағдайда тұрғындарға уақытылы көрсетілген құтқарушылардың көмегі қажет. Осындай табиғаттың тылсым күштерінің тосын сыйына төтеп беріп, халыққа қиын кезде көмек қолын созатын мекеменің бірі – Төтенше жағдайлар қызметі. Jsk.kz тілшісі Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен танысып, ұжымның тыныс-тіршілігін біліп қайтты. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамыту, саясатын жүргізу, қала аумағында болуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, халыққа төтенше жағдайлар кезінде сауатты іс-қимылдарға үйрету, үгіт-насиахаттау жұмыстарын жүргізу – департаменттің негізгі міндеті.Шымкент қаласы 2019 жылдан бастап республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болған. Қала аумағы кеңейтіліп, Түркістан облысының Төле би, Сайрам аудандарының бірқатар ауылдық округтері қосылып, нәтижесінде Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандарына қоса, жалпы көлемі 33 гектарды құрайтын және 200 мыңнан аса халқы бар Қаратау ауданы жаңадан құрылды. Әрине, бұндай жағдайда қаланың адам саны да, жер көлемі де өседі. Өрт орын алған жағдайда тез арада ден қою мақсатында Қаратау ауданындағы Достық шағын ауданында республикалық бюджеттің есебінен жаңадан алты өрт сөндіру депосы ашылды.