Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№97 жалпы орта білім бертін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде биылғы жылдың 8 тамызынан бастап қыркүйек айының 6-сына дейінгі аралықта «Абайлаңыз балалар!» акциясы аясында 2-4сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты:оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру және бағдаршамның атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Құқық қорғау органының қызметкері: Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы аймақтық полиция капитаны Таскулова Жулдыз Бегалықызы, оқушыларға жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгішілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс. Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс. Осы бойынша мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ балалардың жол-көлік оқиғасының алдын-алу бойынша, төмендегідей ескертулерді сақтау керектігін айтты 1. Машина жүретін жолда ойнауға болмайды. 2. Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды. 3. Көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда жолдан өтуге болмайды. 4. Көшенің кез келген жерінене өтуге болмайды. 5. Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды. 6. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да бағдаршамның жасыл түсі жануын күт. 7. Жолдан бағдаршамның тек жасыл жанғанда ғана өт. 8. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетіменқозғалысқа қарсы жүруге тиісті. Кездесу барысында оқушылар ережелермен танысып, көптеген мағлұматтар алды.