Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі, 116/2, «Ордабасы» индустриалды аймағы, «KMG Supple Company» ЖШС аумағында ашық аумақта техникалық газ қабыршақты күкірт жанып кетті. Өрт алаңы 1200 ш.м. құрады және «Daewoo Jentra»маркалы жеңіл автокөлігі жанды.
Өрт орнынан 10 адам (1 күйік, 9 улану) күйік және улану белгілері бар медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде дәрігерлерді тексергеннен кейін 2 адам ауруханаға жатқызылды, қалған 8 адам жағдайы қалыпты болуына байланысты қайтарылды.
Сөндіру жұмыстары күкірттің тотығуының химиялық реакциясымен қиындады. Өрт сөндірушілермен инертті материалдарды (құммен) себу және газсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Көмек көрсету үшін Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары көмекке келді.
Өрт орнында және ТЖД-де жедел сөндіру штабтары құрылып, жұмыс жасалды. ТЖ орнында Шымкент қаласының әкімі және ТЖД бастығы болды. Полиция қызметкерлері ықтимал зақымдану аймағына қоршау жүргізді. Өрт орнында СЭС қызметкерлері сынама алды, ресми қорытынды күтілуде.
Жақын маңдағы тұрғын үйлерден Шаңырақ ш/а(барлығы 412 Үй, 2472 адам тұрады) эвакуация пунктіне 443 адам эвакуацияланды, оның ішінде 233 бала (барлығы 23:20-да үйлеріне және туыстарына кетті).
Жергілікті жерде қала әкімінің басшылығымен жедел штаб жұмыс жасады. Пилотсыз ұшу аппараттарының көмегімен аэровизуалды тексеру жүргізілді.
Өрт 28 шілде 00:36-да оқшауланды және 05:01-де жойылды.
Өрт орнында Шымкент қ. ТЖД жеке құрамы мен құралдары, Апаттар медицина орталығы, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Түркістан облысы ТЖД, Қазселденқорғау, Полиция департаментінің және жергілікті атқарушы орган күштері мен құралдары, «ҚТЖ «ҰК» АҚ , Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ,медицина қызметкерлері жұмыс жасады.