«Әлемде көптеген түрлі мамандықтар бар,
бірақ олардың ішінде ерекшесі — Отанды қорғау»
Конституцияның 36-бабында Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті екені айқындалған.
Жыл сайын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жеке құрамын жасақтау мақсатында азаматтарды әскери қызметке шақыру жүзеге асырылады.
Әскерге шақыру тәртібі мен ерекшеліктері «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (әрі-қарай — Заң), сондай-ақ өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілермен реттеледі.
Әскерге шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдарға («әкімдіктер») жүктелген, бірақ қоғамда барлығына «әскери комиссариаттары» деп аталатын жергілікті әскери басқару органдары жауапты деген қате пікір қалыптасқан.
Олардың ең өзектісі болып табылатын — азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға толығырақ тоқталайық.
Осылайша, Заңның 31-бабына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Үкіметінің қаулысы негізінде жылына 2 рет жүзеге асырылады.
Әскерге шақырылуға 18 жастан 27 жасқа дейінгі, мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ, тиісті физикалық және моральдық-психологиялық қасиеттері бар азаматтар жатады.
Әскерге шақырудан кейінге қалдыруды немесе босатуды қамтамасыз ету негіздерін еркін түрде қолжетімді Заңның 35 және 36-баптарында білуге болады, ал бұл үшін үшінші тұлғалардан көмек (кеңес) сұрау талап етілмейді.
Жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылдайды.
Мәселен, 2022 жылдың күзінен бастап Қорғаныс министрлігінің бастамасымен әскерге шақырылғандарға «несиелік демалыс» беру жүйесі жұмыс істейді, ал ерекше көзге түскен сарбаздарға еліміздің 50-ден аса жоғары оқу орындарына түсу үшін жеңілдіктер қарастырылған.
Жастар арасында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында оқу орындарының базасында және одан тыс жерлерде «Айбын» республикалық оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, «Жас Сарбаз» клубтары құрылуда.
Дегенмен, әскерде қызмет өткеруге ниет білдірушілердің саны артып жатқан жоқ.
Әркімнің өз себептері бар, бірақ азаматтың құлықсыздығы оны кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатуға негіз болып табылмайды.
Сонымен қатар, әскери қызметтен жалтарғаны үшін заңда белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауаптылық қарастырылған.
Осыған байланысты Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы жастарды Отан алдындағы конституциялық борышын өтеуге және Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар қатарында қызмет етуге шақырады.
Б.Нұрмаханбетов
Ақмола гарнизоны
әскери прокуратурасының
аға прокуроры