Бүгін қаладағы жеңілатлетикалық манежде қазақ күресінен «Шымкент барысы» қалалық іріктеу турнирі өтті. Биылғы бәсекеде салмағы 90 келіден асатын, жалпы 25 балуан белдесті.
Турнирдің ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық қазақ күресі федерациясының президенті Балтабай Асанов ұлттық спортқа қолдау жалғаса беретінін айтып, балуандарға сәттілік тіледі.
– Қалада ұлттық спортты дамытуға қажетті жағдайлар жасалған. Ұлттық спорттың төресі қазақ күресін насихаттау, қолдау жалғаса бермек. Шаһарда қазақ күресінен әлемдік деңгейде биік тұғырлардан көрінген, әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Ұлттық күресімізді одан әрі дамытуда көптеген турнирлер өткізілуде. “Шымкент барысы” іріктеу жарысы жас балуандарға серпін беретіні анық, – деді қала әкімінің орынбасары.
Сонымен, әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлері қатысқан сайыстың жеңімпаздары анықталды. «Шымкент барысы» қалалық іріктеу турнирінде белгілі балуан Ерсұлтан Мұзаппаров жеңіске жетті. Халықаралық турнирлердің жүлдегері Нұрсұлтан Қожагелдіұлы екінші орынға ие болды. Ал жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Мейіржан Әбдімәліков үшінші орынға иелік етті.
Е.Мұзаппаров пен Н.Қожагелдіұлы шілде айында Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық жарысында Шымкенттің намысын қорғайды.
Айта кетсек, жеңімпазға 500 мың теңге, екінші орынға 300 мың, үшінші орынға 100 мың теңге сыйақы берілді. Спортшылардың бапкерлері де қаржылай сыйақылармен марапатталды. Айта кетсек, Малайзияның Кампар қаласында физикадан Азия олимпиадасы өз мәресіне жетті. Онда әлемнің 27 елінен 212 оқушы бақ сынасты.
Қазақстан құрамасы бір күміс, алты қола медальға және бір мақтау грамотасына ие болды.
Жеңімпаздардың есімдері:
Күміс медаль — Маргулан Нурсагатов, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль — Ілияс Қазымбек, Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль — Досжан Бисимби, Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;
Қола медаль — Бекасыл Елубай, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль — Артур Ким, Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арнаған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Қола медаль -Амир Пшенбаев, Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Грамота — Нұрасыл Барлыбаев, Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.
Құрама команда жетекшілері:
Самат Мақсұтов – PhD, SDU доценті және Нұрдәулет Қаласов – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.