Шымкент қаласы бойынша тұрғындардың 81 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған.
Шымкенттте МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Қор филиалының өкілдері бұл жолы «МК-Ломбард» қызметкерлерімен кездесті. Қаржы мекемесінің ұжымына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қол жетімді медициналық қызметтер мен жарна төлемдері туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Кездесуде жүкті әйелдердің сақтандыру мәртебесіне байланысты сұрақтар жиі қойылды. Қор өкілдері атап өткендей, егер жүкті әйел жұмыс істемесе ол МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдікті санатына кіре алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша өз емханасына жүгініп, жүктілігі бойынша есепке тұруы қажет. Егер әйелдің МӘМС мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, онда ол учаскелік дәрігер мен акушер арқылы есепке тұра алады Босанғаннан кейін бұл әйел үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтіндер үшін басқа жеңілдікті санатқа кіреді және де мемлекет есебінен сақтандырылатын болады. Ақапарт үшін айта кетсек, бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 миллион 229 мың адамды құрайды. Тұрғындардың 81 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. 220 мың 554 адам сақтандырылмаған. Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеуді жалғастыруда. Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеуден босатылған тұрғындар саны 720 735. Жалпы, халық санының 58,7 пайызын құрайды. Бұған дейін ӘМСҚ Шымкент филиалының өкілдері оларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қол жетімді қызмет түрлерін таныстырып,бірқатар сұрақтарына жауап берген. Кездесу барысында сондай-ақ 2024 жылғы 21 сәуірден бастап қызметкерлердің ұзақ мерзімді демалысқа шығуы кезінде жарналар мен аударымдарды төлеуге қатысты түзетулердің заңды күшіне енгендігі туралы да түсіндірілді. Заңға сәйкес, МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін бір немесе бір күнтізбелік айдан асатын ақылы еңбек демалысы кезеңіне кірісті есептеу кезінде аударымдар мен жарналарды демалыс күндерінің санына тепе-тең есептелген кезеңдер бойынша бөле отырып, бір төлеммен жүргізу қажет.