Қазір қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған дейін жұмыс көлемінің 40 %-ға жуығы атқарылған. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан ғимаратқа арнайы барып, құрылыс қарқынын қадағалады. Жобада ғимараттың сыртқы қас бетін, шатыры мен еденін, есік-терезелерін заманауи үлгіде жаңарту жоспарлануда.
Бірінші, бесінші қабаттар аралығында қабылдау бөлмелері, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері, баспасөз орталығы, мәжіліс залы, санитарлық тораптар орналасқан. Жертөлесінде асхана, қойма, жылыту пункті, тазалық бөлмелері, архив бар. Сондай-ақ жобада жүктемесі 1000 келіні құрайтын лифт қарастырылуда.
Қала әкімі жауаптыларға құрылыс сапасын қадағалап, жұмыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі