Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков елдімекендерді аралау барысында тұрғындардың шағымы бойынша Астана көшесіндегі №93 көпқабатты тұрғын үйде болып, жөндеу жұмыстарына қатысты өзекті мәселелердің шешімін қарастырды.
Қалалық тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі көпқабатты үйге былтырғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда, құрылыс кезінде кеткен ақаулардың салдарынан шатырдан су кетіп, жергілікті тұрғындарды алаңдатты.
Қала басшысы жауаптыларға орын алған кемшіліктерді мердігер мекеме тарапынан тез арада қалпына келтіруді тапсырды. Пәтерлердегі жылу мәселесін де назарға алған қала басшысы тұрғындарды үздіксіз, сапалы жылумен қамтуда нақты тапсырмалар берді. Қазір жертөледегі автоматтандырылған торапқа дейін 65 градус жылу берілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі