Ел Президентінің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң барлық азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы жауапкершіліктерін күшейтеді. Мәселен, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласына тікелей қатысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді атқару барысында мемлекеттік қызметкерлер тиісті заңдарды ескеруі міндетті. ҚР Қылмыстық кодексі 365-бабы тексерулер жүргізу тәртібін бұзғаны, оларға белгілі бір қызметті жүзеге асыруға арнайы рұқсат (лицензия) беруден заңсыз бас тартса немесе оны беруден жалтарса, заңсыз тексерулер жүргізу фактілеріне жол беру, рұқсат беруден негізсіз бас тарту, кәсіпкерлік субъектісінің қызметін тоқтату, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау оның ішінде дара кәсіпкердің, коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу, т.б заң бұзушылық орын алса, жауапты мемлекеттік қызметкердің мүлкі тәркіленіп, лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына шеттетіледі. Сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлеріне тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы жиындар өткізіліп отырады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оны болдырмау бойынша қоғам болып күресуге шақырамын. Сыбайлас жемқорлық-кешірілмейтін қылмыс!
Н.Нышанов
Түркістан облысының СЭБД басшысы