Шымкентте арнайы операциялар күштерінің 36814 әскери бөлімінің жауынгерлері арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан алғашқы біріншілік өтті, оның бас жүлдесі бөлім командирінің ауыспалы кубогы болды. Кубок үшін жалпы саны 70 әскери қызметшіден тұратын 7 команда, 57 және 85 килограмнан асатын 6 салмақ дәрежесінде күресті.
Жарыс 11-13 желтоқсан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін қоян-қолтық ұрыстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін өтетін республикалық турнир мен армиялық қоян-қолтық ұрысынан ТМД чемпионаты қарсаңында ұйымдастырылды.
— Армияның қоян-қолтық ұрысы әрбір әскери қызметшіні даярлаудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жақын шайқаста атыс немесе басқа қару түрлерін қолдану мүмкін болмаған кезде әскери қызметші әртүрлі жауынгерлік және спорттық әдістерді өткізуі керек. Дәл осы әдістер қоян-қолтық ұрыстың негізін құрайды, — деп атап өтті 36814 әскери бөлімінің аранайы дене дайындығының нұсқаушысы подполковник Нұрдидар Құдайбергенов.
Турнирдің жабылуында 36814 әскери бөлімінің командирі подполковник Нұрболат Қуанжанов барлық қатысушыларды турнирдің аяқталуымен құттықтап, дене шынықтыру дайындығының жақсы деңгейі үшін алғыс айтып, қызметтерінде одан әрі жауынгерлік және спорттық табыстар тіледі.
— Бүгін біз жақсы ұйымдастырылған турнирдің көрермендері болдық. Барлық қатысушылар әр-бір жекпе-жекте бір-біріне лайықты бәсекелестік жасап, жарыстың деңгейін көтере білді. Біздің спортшылар жеңіске деген табандылығын, мінезін және өздерінің рухын көрсетті. Сондықтан мен финалдық жекпе-жектердің барлық жеңімпаздарын өздерінің рухы мен физикалық күшінің арқасында қол жеткізген жеңістерімен тағы да құттықтағым келеді, — деп қосты Нұрболат Түгелбайұлы.
Бір күндік жарыстарда спортшылар жақсы дайындықты көрсетіп, барлық жекпе-жектер арасында жиналған ұпайларды есептеу барысында 36814 әскери бөлімінің арнайы (ерекше) тағайындалған командасы бірінші жалпы командалық орынды жеңіп алды.
«Үздік жауынгер» арнайы номинациясы келісімшарт бойынша әскери қызметші кіші сержант Құрманғазы Қалмұратовқа берілсе, «Жеңіске деген танытқан күш жігері үшін» үшінші сыныпты сержант Шыңғыс Парменқұлов марапатталды.
Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, грамоталармен және бригада командирінің ауыспалы кубогымен марапатталды.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі