Халық арасында әр түрлі жұқпалы, аллегриялық тері аурулары басқа дерттердің таралауының алдын алу мақсатында денсаулық сақтау министрлігі арнайы (ҚР ДМС 2022 жылғы 26 шілдедегі №67 бұйрығы) коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бекіткен. Оның ішінде моншаға қойылатын арнайы талаптарды барлық азаматтар білуі тиіс.
Моншаларда санитариялық-гигиеналық тазалық талаптары сақталуы керек. Монша және сауналар жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық бөлмеден тұрады. Моншалар мен сауналар көп функционалды ғимараттарда орналасқан кезде будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулау қамтамасыз етілуі тиіс.
Моншалар мен сауналардың жиһаздары жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалуы қажет.
Шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде ағаш траптар емес, резеңке кілемшелер орнатылуы тиіс. Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделуі қажет. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтарда жүргізілуі қажет. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім жуылады және кептіріледі.
Моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді. Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылумен жабдықтау құрылғысын орнатуға рұқсат етіледі. Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр орналастырылады.
Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер пайдаланылады. Моншалар мен сауналарда жеке қолданылатын және пакеттерде берілетін таза және құрғақ киім-кешек (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза киім-кешек пайдаланылғандардан бөлек сақталады.
Суды бұру траптары бітеліп қалмауы тиіс және еденде лас су жиналмау қажет. Жуынып-шайыну залдарының едендерін тазалау және жуу күн сайын және қажеттілігіне қарай жүргізіледі.
Легендерді өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартатын заттар, щеткалар мен шүберектер болуы қажет. Жуынуға арналған легендер дезинфекциялау ерітіндісіне толық батырылып дезинфекцияланады және сумен шайылады.
Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды, сөрелерде жуу және дезинфекциялау жүргізу қажет.
Моншалар мен сауналардың бу қабылдау бөлмесінен басқа үй-жайларында қоқыс салатын урналар орнатылуы тиіс.
Монша мен сауналардың жуыну және себезгі үй-жайларында кір жууға және кептіруге, моншаны пайдалануға қатысы жоқ заттар мен құралдарды сақтауға болмайды.
Моншалар мен сауналардағы бассейндер жинау жұмыстары күн сайын күнінің соңында, егер қажет болса, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі. Бассейн үй-жайларын жинау, айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, жатақтарды, дөңгелектерді дезинфекциялау жүзеге асырылады.
Бассейн залына шығу алдында себезгі қабылдау керек және шомылатын киім, ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстырылатын аяқ киім, резеңке бас киімде болуы қажет.
Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында сынған жапсырма плиткалар, жабындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда уақтылы жөнделуге жатады.
Орталықтандырылған кәріз жүйесі болған жағдайда моншаның сарқынды сулары кәріз жүйесіне қосылуы тиіс. Кәріз жүйелерінің санитариялық-техникалық желілері, құрылғылары мен аспаптары жарамды күйде болуы қамтамасыз етіледі. Кәріз жүргізілмеген елді мекендерде жерлерде ғимаратқа жақын емес балалар ойнайтын және тұрғындар демалатын алаңдардан кемінде 25 метр, құдықтар мен бұлақ
көзінен кемінде 50 метр қашықтықта су өтпейтін қазылған шұңқыры (септик) болуы қажет. Қазылған шұңқырлар, септиктер көлемінің кемінде үштен екі бөлігі толған соң, уақтылы арнай көліктермен тазартылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Аталған талаптар сақталмаған жағдайда халық арасында әр түрлі тері аурулары таралуы мүмкін.
Н.Нышанов
Түркістан облысының СЭБД басшысы