Түркістан облысы аса қауіпті жұқпалы аурулардан оның ішінде құтырма ауруынан қолайсыз аймақтар қатарына жатады. Құтырма ауруы – бұл орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және өлім жағдайына әкеліп соқтырумен сипатталатын жануарлар мен адамдардың табиғи ошақтық ауруы.
Құтырма ауруының вирусы адамға ауру жануарлардан жарақат алған жағдайда, тістелген, тырналған немесе сілекейленген кезде зақымдалған тері қабаты арқылы еніп, нерв талшықтарымен жұлын миына жету арқылы болатын қауіпті ауру. Оның емі жоқ, алайда алдын алу маңызды рөль атқарады. Сондықтан, жарақат алған адам тез арада медициналық көмекке жүгініп, көрсеткіштер бойынша антирабикалық егу курстарын алуы керек. Құтырма ауруына шалдығу бірден біліне қоймағанымен, клиникалық көріністері тістелген орынға байланысты 10 күннен 1 жылға дейін созылады. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмес үшін, ит, мысық, жылқы т.б жануарларды асыраған жағдайда оларды уақытылы мал дәрігерлеріне көрсетіп, құтырма ауруына қарсы вакцина ектірген абзал. Мінезінде өзгерістер байқалған жануарларды қамап, әсіресе балалардан аулақ ұстаған жөн.
Н. Нышанов
Түркістан облысының СЭБД басшысы