Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Бозарық шағынауданында бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлер құрылысының қарқынымен танысты.
Бүгінде 74 гектар аумақта 2 мыңнан астам пәтерлі 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 18 нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.
Ал ішкі орамдық 3 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы жуырда аяқталады. Қалған 6 нысан келесі жылға өтпелі.
Қала әкімі мердігер мекеме басшыларының жауапкершілігін күшейтіп, құрылысты сапалы, мерзімінде жүргізуді тапсырды.
Халықтың әл-ауқаты басында басапанасымен және тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуімен өлшенеді. Сондыктан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орныктыру мен мемлекетті баскаруда аса манызды орын алады.
Жер бетіндегі дамудың тұрағы, тұткасы, тірегі — адам, адамның қоғамдағы тыңғылықты іс-әрекеттері, сондай-ақ қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты камтамасыз ететін мемлекеттің әлеуметік кызметі. Адамның денсаульғын қадағалайтын, білім жүйесін жетілдіретін, мәртебесін көтермелейтін, азаматтық жауапкершілігін арттыратын бастамалар — халықтың әл-ауқатын арттыруда, одан әрі ел зкономикасынын дамуында ерекше сипат алады. Сол бастаманың бірі халықты тұрғын үймен камтамасз ету мәселесі де — әлеуметтік саясаттың бас желісі болып табылады.
Біздің азаматтарымыз үшін тұрғыҚаланың егжей-тегжейлі жобалау жоспарында шағынауданнан 183 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қаралған.
Олардың 65-і мемлекеттік бюджет есебінен салынады. Қазір шағынауданда 16 тұрғын үй бой көтерген, бұл нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қалған 49 үйдің құрылысы келесі жылы басталады.
Сонымен қатар шағынауданда алдағы уақытта мектеп, емхана салынады.
Айта кетейік, Шымкентте мемлекет бюджеті есебінен 67 көпқабатты тұрғын үй салынып, 17 үйдің абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйлердің ирригациялық жүйелері тартылып, ішкі жолдары асфальттелген. Қазір аулада көгал төселуде, бригада ауланы абаттандыру жұмыстарын аяқтап жатыр. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға қолданысқа дайын 432 пәтерді мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана кезегіндегі тұрғындарға үлестіруді ұйымдастыруды тапсырды.