Цифрландыру саласы елімізде жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспар саналады. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру ісі елде тұрған басты мақсат екенін қадап айтқан еді. Осы орайда Үкімет те Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын орындауға білек сыбана кірісуде. Ал өңірлерде жағдай қандай? Бұл мәселені білмек ниетпен Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Абдрахановтан сұрап білген едік. Жауапты сала басшысының айтуынша, республиканың үшінші мегаполисін цифрландыру жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Бұл нендей жоспарлар деген сауалға басқарма басшысы қаланы түгел сапалы интернетпен қамтамасыз етіп, Шымкентті смарт-сити жобасына сай дамыту деп жауап берді. Интернетке деген сұраныс, әсіресе Шымкентте екі жыл қатарынан жалғасқан карантиндік шектеулер кезінде қатты білінді. Оқушылар мен көптеген жұмысшы үйде онлайн режімге көшкенде мегаполистегі цифрлық әлеуеттің қаншалықты деңгейде екендігі анық көрінді. Сондықтан Президент тапсырмасын орындау әрі заман көшінен қалмау мақсатында бүгінде бұл салада тиісті жұмыстар өте шапшаң түрде атқарылып жатыр. Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Шұғыла шағын ауданында 4 мыңға жуық тұрғын тұрады. Мұнда 1 мектеп, 3 балабақша, 1 полиция бекеті бар. Тіршілік көзі саналатын ауыз су, табиғи газ, электр қуаты мәселесі толығымен шешілген. Бүгінде шағын аудан тұрғындарын жарықтандыру мәселесі алаңдатады. Электр жарығымен толық қамтылған. Ауыз сумен толық қамтылған. Табиғи газбен толық қамтылған. Кәріз жүйесімен толық қамтылған. Сапалы интернетпен қамтылған. 2021 жыл соңында I-Link компаниясы тарапынан оптикалық желі қойылған. Жол – 16 көше толығымен асфальтталған. Өтегенов көшесімен — 51,103,126 Рысқұлов көшесімен — 43,51,57,66,69,72,92,103,158 Арғынбеков көшесімен — 20,37,51,103,133,146 қоғамдық көлігі қызмет көрсетеді. 2021 жылы — Егемен ел, Қазына, Өзекті көшелері жарықтандырылды. 2023 жылы – 1 көше 2024 жылы – 2 көше 2025 жылы – 2 көше жарықтандырылмақ.