Бүгін «Ауыл» Халықтық – Демократиялық Патриоттық партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының жиыны өтті. Жиынды филиал төрағасы, қала мәслихатының депутаты Қ.Досалиев ашып Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың ел халқына жасаған Жолдауына тоқталды.
Жиынға Саяси кеңес мүшелері мен жастар қанаты, аудан төрағалары, Партия ардагерлері мен Бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері қатысты.
Жолдауда Президенттің осыған дейінгі жүргізіп келе жатқан саяси бағытының жалғасы екендігі сөз болып, атқарылған қайта құрулар барысында мемлекетімізде іргелі оң өзгерістер орын алғаны айтылды.
Филиал төрағасы Қ.Досалиев Жолдауда әлеуметтік – экономикалық реформаға басымдық берілгендігін атап өтіп, оның ауылды аймақтар мен ауылшаруашылығына қатысты тұстарын, су мәселесіне және отандық агроөнеркәсіп кешеніне байланысты тапсырмалары төңірегінде тоқталып өтті. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары білім алушыларға сапалы білім беру, білім мекемелерінде негізгі қағидаға айналу керек-деді.
Президент айтып өткендей, орта кәсіпкер әлдеқайда ширақ, мобильді және құбылмалы нарықтық жағдайларға тез бейімделеді.
Иә, соңғы 7 жылда ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесінің өскені байқалады. Бірақ бұл динамиканың негізгі қозғаушы күші – шағын кәсіпкерлік субъектілері. Олардың саны 46 пайызға көбейді. Осы орайда орта кәсіпкерлік тек 0,5 пайызға өсіп, экономикадағы үлесін 5 пайыздан 6,2 пайызға дейін арттырды. Бұл ретте ЭЫДҰ елдерінде оның үлесі орта есеппен 18 пайызға тең, ал жекелеген мемлекеттерде одан да жоғары, яғни 26 пайызға дейін. Дәл осы орта бизнесті, әсіресе өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлікті қолдау үшін елімізде ешқандай ерекше жағдай жасалмаған. Керісінше, қазіргі нормативті ортада, оларға, тіпті кеңейген кезде де, формальді түрде шағын бизнес болып қалу тиімдірек. Үкіметке және «Атамекен» палатасына осы мәселе бойынша ұсыныс енгізіп, нақты іске көшуді тапсырамын, — деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының сөзінше, салық шаралары, тексеруші органдардың тарапынан жүргізілетін тексерулерге белгілі бір иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ мамандандырылған қолдау құралдары мен мемлекеттік тапсырыстарға қол жеткізу осы ынталандыру шараларының қатарына кіруге тиіс.
Жолдауда заңнамаға шағын кәсіпкерлік субъектілерін ірілендіруге ынталандыратын өзгерістер енгізуді тапсырдым. Салық шаралары, тексеруші органдардың тарапынан жүргізілетін тексерулерге белгілі бір иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ мамандандырылған қолдау құралдары мен мемлекеттік тапсырыстарға қол жеткізу осы ынталандыру шараларының қатарына кіруге тиіс. Мысалы, мемлекеттік қаржылық қолдаудың ерекше шараларын ұсыну, сондай-ақ стандартты салық режимінде жұмыс істейтін бизнес үшін мемлекеттік тендерлерге жеңілдікпен қол жеткізу мәселелерін пысықтау керек, — деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қандай да бір қиындықтарға қарамастан, мемлекеттің қолдауынсыз табысты дамып, экспорттық нарықтарды игеріп жатқан бірнеше жүз ғана орта кәсіпорын бар екенін айтты.
Бұл ретте, менің білуімше, олардың көбі тексеруші органдардың қудалауынан қорқып, осы уақытқа дейін мемлекеттік көмектен бас тартты. Бұл жерде арнайы тәсіл керек. Егер бизнес өз міндеттемелерін орындап жатса және көздеген мақсаттарына қол жеткізсе, онда бірде-бір тексеруші жобаны іске асыру кезеңінде де, одан кейін де оған кедергі келтірмеуге тиіс, — деді Тоқаев.
Сондай-ақ Президент кейде бизнесті кәсіпкерлікпен айналысу үшін емес, мемлекеттік қолдауға ие болу мақсатында құратын жағдайлар кездесетінін атап өтті.