Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйдің жалдау ақысы субсидияланатын азаматтардың субсидияны мақсатты пайдалануын тексеру үшін басқарма тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылдан бүгінгі таңға дейін 1 769 азаматқа субсидия берілуде. Жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша 256 азаматпен түзілген келісімшарттың күші жойылып, оларға тағайындалған субсидия тоқтатылды.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 8 ақпандағы «жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру ережесі» туралы №60 бұйрығына сәйкес, тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау қарастырылған. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына келесі төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар қатыса алатынын естеріңізге саламыз:
1. 1 және 2 топтағы мүгедектер;
2. мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
3. жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
4. көп балалы отбасылар.
Қосымша ақпар, шаһарда тұрғын үй кезегіне тұру үшін автоматтандырылған жүйе бар. Сол жерге кіріп ЭЦҚ арқылы өтінім бере алады. Мұнда алғашқы қаралатын шарты ол кісінің Шымкент қаласында 3 жылдан кем тіркеуде тұрмағаны және соңғы 5 жылда сол адамның атында жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Сонымен бірге отбасы мүшелерінің бәрінің табысын қосқанда 3/1 конкурс деңгейінен аспауы керек, яғни 125 767 теңгеден аспауы тиіс. Бізде жыл сайын инвентаризация тексеру жұмысы жүргізіледі. Инвентаризация барысында талапқа сай келмейтін азаматтар кезектен шығарылады. Біріншіден бір адам үйі жоқ кезде кезекте тұрып, кезегі келмей, өзі үй алған жағдайда, басқа мекенжайға көшкен жағдайда немесе статусын жоғалтқан жағдайда шығарылады. Қазір бізге 11 413 азаматтан кезекке қою жайлы өтініш келіп түскен. Электронды түрде өтініш келіп түскен соң біз оны тексерістен өткіземіз. Осы азаматтар ішінде біз 3954 адамды кезекке қойдық. Яғни, 7 мыңнан астам адамды сәйкес келмегеніне байланысты кезектен шығардық.