Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Қорған-М» ҚБ менеджері Диляра Қырғызбаева баспасөз конференцияда айтты.
Жобаның мақсаты — Шымкент қаласы жастарының проблемаларын шешу, елдің экономикалық және әлеуметтік болашағын қалыптастыру және жастардың әлеуетін арттыру.
«Жобаға 18-ден 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Сонымен қатар өтініш беруші Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Өтінім беруші өтінім берген кезде өңір аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуі керек, өтініш беруші өтінім берген сәтте уақытша тұрақсыз жастар мәртебесінде болуға тиіс (Уақытша тұрақсыз жастарға тіркелген жұмыссыз мәртебесі бар жастар, үй шаруасымен айналысатын жастар, мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жастар, күндізгі оқу нысанында жұмыс істемейтін және оқымайтын 18-35 жастағы басқа адамдар. Өтініш беруші конкурсқа қатысу үшін тек 1 (бір) әлеуметтік жобаны ұсына алады», — деді спикер.
Байқау туралы барлық ақпарат Шымкент&БҚО Zhas Project Telegram-ботында қолжетімді. https://t.me/ZhasProShymkentZKO_bot. Жастардан өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылғы 9 қазаннан бастап 2023 жылғы 22 қазан сағат 23:59-ға дейін. 1 қарашада іріктеу нәтижелері әлеуметтік желілерде және Telegram-ботында қорытынды жариаланады.
Әлеуметтік жобаларға қойылатын талаптар:
3.1. Өтініш беруші ұсынған жоба жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы керек.
3.2. Жобаны өтініш беруші 2 (екі) айдан аспайтын мерзімде іске асыруы тиіс. Бұл ретте, өңірлік жобалау кеңселері өтініш берушілерге жобаны іске асырудың негізгі мерзімінен кейін де консультациялық қолдау көрсете алады.
3.3. Конкурс шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін жобаларға, сондай-ақ мынадай бағыттағы жобаларға қолдау көрсетілмейді:
1) жобаны іске асыру барысында ақылы қызметтер көрсетуді/тауарларды сатуды көздейтін коммерциялық қызмет;
2) шағын жөндеуді қоспағанда, құрылыс жұмыстарының немесе Ғимараттарды/үй-жайларды, оның ішінде стадиондарды, жылыжай кешендерін реконструкциялау/қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың қандай да бір түрлерін көздейтін жобалар;
3) жергілікті мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер немесе үкіметтік емес ұйымдар үшін жабдықтарды/тауарларды сатып алуды/жалға алуды көздейтін жобалар;
4) діни ұйымдарға қызмет көрсету жөніндегі жобалар (шіркеулерді, мешіттерді жөндеу немесе салу, діни білім беру, діни әдебиеттерді басып шығару және т. б.);
5) қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін жобалар;
6) жер учаскелерін сатып алуды/жалға алуды, тұрғын үй сатып алуды/жалға алуды, автокөлік сатып алуды көздейтін жобалар;
7) соңғы жыл ішінде алған және (немесе) басқа көздер есебінен тікелей ақшалай қаржыландыру алатын жобалар;
8)ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу әдістемелерін / бағдарламаларын әзірлеу;
9) баспаханада қолжазбалар, журналдар, газеттер жазуды/басып шығаруды көздейтін жобалар;
10) мақсаты ақшалай сыйлықтар тапсыру, құрмет көрсетуді ұйымдастыру, қандай да бір бағдарламаларды немесе жобаларды іске асырғаны үшін ақшалай сыйақы және т. б. болып табылатын жобалар.;
11) грант қаражаты есебінен тікелей ақшалай қайырымдылық көмекті көздейтін жобалар;
12) жынысына, нәсіліне, дініне, жасына байланысты кемсітушілікке әкелуі мүмкін қызметті жүзеге асыру.
3.4. Жобаны іске асыру шеңберінде шығыстардың мынадай түрлеріне тыйым салынады:
1) өңірден тыс жерлерге сапарларға (іссапарларға, оқытуға) байланысты шығыстар;
2) Жеке тұлғаларға медициналық қызметтерге ақы төлеу;
3) жобаның жалпы бюджетінің 10% — % асатын оқуға, өтініш берушінің біліктілігін арттыру курстарына арналған шығыстар;
4) Жабдықтарды/тауарларды шетелден, шетелдік сайттардан сатып алу;
5) пайдалануда болған тауарларды сатып алу.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші конкурстық өтінімді ұйымдастырушының электрондық мекенжайына жіберуі тиіс zhaspro.shymkentzko@gmail.com.
Сауалнама нысанына сәйкес толтырылған сауалнама деректері (1-қосымша), жобалық өтінімнің толтырылған нысаны. Өтінім әрбір тармақ бойынша және белгіленген нысанға (2-қосымша) сәйкес толтырылуы тиіс және өтінімге қоса тіркелу қажет.