Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды» екендігін алға тартты.
Аталған басымдықты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1004 қаулысымен «Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітіліп, қоғамымыздың барлық салалаларында жұмыстар атқарылуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» №689 қаулысымен қыркүйектің соңғы жексенбісі – «Еңбек күні» болып бекітілген.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсеновамен 2023 жылғы 28 тамызда «Еңбек күнін» мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді. Жоспарға сәйкес Шымкент қаласында «Еңбек күніне» орай бірқатар іс-шаралар өткізілді:
— азаматтардың барлық санаттарына, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, жұмыссыз жастарға және т.б. жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша бос орындар жәрмеңкелері, Ашық есік күндері өтті;
— А.С.Пушкин кітапханасында «Еңбек галереясы» фотокөрмесі өтті;
— «Менің жетістігім – менің нәтижем» ұранымен «Еңбек күніне» арналған спартакиада өтті;
— #EnbekEri хэштегі бойынша түрлі саладағы еңбек адамдары туралы ең үлгілі әңгімелер бойынша жарияланды;
— білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет саласының мекемелері және кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында «Еңбек күніне» және еңбек адамының құрметіне орай түрлі шаралар өтті;
— негізгі көше бойларындағы биллбордтарда «Еңбек күні» хабарландырулары орналастырылды. Қоғамдық көліктердегі, негізгі көше бойларындағы мониторларда еңбек адамдары туралы роликтер көрсетілуде;
— түрлі сала жұмыскерлері, ардагерлер, еңбек озаттарының қатысуында «Еңбек күніне» арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды.