Тұран ауданы әкімінің тұрғындармен кездесуі жалғасуда. Бүгін Ақтас елді мекеніне барып, жергілікті халықпен кездесті.
Ақтас елді мекенінде 534 үй бар. Бүгінде Ақтас тұрғындары сапалы ауыз сумен, электр қуатымен қамтылған.
Көпшілік тарапынан табиғи газ мәселесі бойынша сұрақтар туындады. Ақтас елді мекенін табиғи газбен қамту жұмысы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан жүргзіліп, аяқталған. Қазіргі уақытта, тұрғын үйлерді мемлекеттік газ құбырына қосу үшін техникалық шарт берілуде. Жыл соңына дейін газ мәселесі шешімін табатын болады.
Сондай-ақ, Ақтас елді мекеніне шағал тас төсеу жұмыстары рет-ретімен іске асырылуда.
Бүгінгі күнге дейін Ақтас елді мекенінде 1 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, 2024 жылы 2 ойын алаңшасының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Әкім бол, халқыңа жақын бол. Еске салсақ, өткен жылы бұл тәсіл Президенттің жарлығымен бекітіліп еді. Бүгінде елдегі әр деңгейдегі әкім-қаралар халықпен тұрақты түрде кездесу өткізіп келеді. Ал оның нақты күнтізбесін жыл басында үкіметке баяндап отыр.
Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша ел тұрғындарының жартысына жуығы әкімдерге риза емес. Демек, басқару жүйесін жаңа форматқа көшіру уақыт талабы. Бұған жергілікті билік пен тұрғындар арасындағы коммуникацияның әлсіздігі де себеп. Сарапшылар бұл олқылықтың орнын Президенттің жаңа Жарлығы толтырғанын атап өтуде. Жаңа құжат бойынша облыс, қала және аудан әкімдері кездесулерінің нақты графигі бекіген еді. Бұған қоса «халықтың талап етуі бойынша және қажет болған кезде» әкім тұрғындармен күнтізбеден тыс кездесіп отыр. Ал жиындарда әдеттегідей ұзын сонар баяндама оқылып, жиналғандарды мезі етпейді. Бұған жоспарланған уақыттың төрттен бірі ғана берілуде. Кездесудің негізгі уақыты «сұрақ-жауап» форматында өтіліп жатыр.Президенттің де жаңа айтып тұрған есептің өзі бұл заманауи талаптар. Өйткені халықтың үндеуін естіп, халықтың мәселесін шешу әкімдердің басты міндеті болуы керек. Қазіргі таңда мысалға, Президентке қарапайым жергілікті жерде шешілетін мәселелерге дейін жазып жатыр. Маған пенсия тағайындалмай жатыр, азаматтығымды ала алай жатырмын, коммуналдық есептерді есептей алмай жатырмын деген секілді. Бұл тікелей жергілікті атқарушы органдардың міндеттері,- дейді сарапшылар.