Бүгінгі таңда жастар арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі –«№5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің» жастарының қатысуымен «Stop bullying» тақырыбындағы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқықбұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды.
Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім ошақтарында түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып отырады.Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылық, суицид, ерте жүктіліктің, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жол жүру ережелерін сақтау, фликермен қамтамасыз ету маңыздылығы туралы айтылды.
Іс-шараға Ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы,полиция майоры- Ирисбеков Рахымжан Испандиярович қатысты. Құқық қорғау органының негізгі қызметі — кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әректтер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім –тәрбие беру.
Бұндай іс-шаралардың мақсаты — жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және дұрыс психологиялық ахуал қалыптастыру.
Кездесу барысында жастарға алдымен «буллинг» жайлы толыққанды мағлұматтар айттылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ зорлық-зомбылық жайында бірқатар ақпараттар айтылып және бірнеше сергіту сәтінің ойындары ойнатылды.