Шымкент қаласы Тұран ауданында қазіргі уақытта жалпы 366 балалар ойын алаңшасы бар. Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында 20 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған.
Қазіргі таңда 9 балалар ойын алаңшасы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен жеке секторлы үйлер көшесінің бойында пайдалануға берілді.
Олар:
1. Бәйдібек би даңғылы № 246;
2. Отырар шағын ауданы № 52 үй;
3. Жарқымбеков көшесі № 17 үй;
4. Ақжар шағын ауданы, атауы жоқ көше;
5. Ақтас шағын ауданы, жаңақұрылыс аумағы;
6. Арғымақ шағын ауданы, атауы жоқ көше;
7. № 112 орам (Мангельдин № 40 үй)
8. Құрсай шағын ауданы, Ұзынағаш көшесі;
9. Құрсай шағын ауданы, Құлаңтөбе көшесі.
Бүгінде құрылысы жүріп жатқан 11 балалар ойын алаңшасы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.
Бұқаралық спортпен халықтың шұғылдануын арттыру, спорт саласының жандануына тұрақты жағдай жасау Мемлекет басшысы жүктеген маңызды тапсырмаларының бірі.
Осы орайда, бүгін Қаратау ауданы аумағындағы “Шапырашты” елді мекенінде жаңа “Sarybai” спорт кешені құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне аудан басшысы, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Жергілікті меценат, спортшы М.Қыпшақбаевтың бастамасымен құрылысы бастау алған спорт кешенінде спорттың бес түрі бойынша арнайы залдар қарастырылған. Жалпы 1000-нан астам баланы қамтуға жабдықталған кешенде арнайы сала бапкерлері өз қызметтеріне кірісті. Құрылтайшылар тарапынан қызметкерлерді жұмыспен, қатысушыларды арнайы спорт киімдері, құралдарымен қамту мүмкіндіктері толық қаралған.
Алдағы уақытта аудан аумағындағы шалғай елді мекендерде де ауқымды спорт нышандары ашылатын болады.Еліміздің үшінші мегаполисінде қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасына сәйкес биыл Еңбекші ауданына қарасты 18 шағынаудандағы №6,7 үйлердің аулаларына бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған жаттығу алаңшасы мен балалар ойын алаңы орнатылатын болды. «Нурстройтранссервис» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан эскиздік жоба дайындалып, мақұлданды.
«Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысып, жаңаланып жатқан аулалар соңғы рет 2013 жылы абаттандырылған. Аулалардағы элементтердің басым бөлігінің тозығы жеткен, темірден жасалынған бұйымдар.
Қазіргі таңда аулаларды қайта жаңарту барысында заманауи ойын элменттері орнатылып, балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабын төселеді. 3 D ойын кешені, әткеншектер, тербелмелі теңгергіш, құмсалғыш, тербелмелі мотоцикл, тербелмелі жылқы ойын элементтері орнатылады.
Одан бөлек жеңіл атлетикамен айналысатын «Street workout», тренажер алаңшасы орнатылады.