Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және салалық кәсіподақтардың бірлесе ұйымдастыруымен Шымкент қаласының опера және балет театрында «Еңбекпен өткен өмір ұрпаққа үлгі» атты салтанатты іс-шарасы өтті.
Іс-шараға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов және филиал құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар мекемелердің кәсіподақ ардагерлері: Өтебаев Әділ Әбдіқалықұлы — Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Балбаев Әбдімәлік — Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қатысты.
Іс-шарада Шымкент қаласының әкімі аппараты басшысының уақытша міндетін атқарушы Б.Асанбаев, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Құрманбек салтанатты жиынға қатысқан кәсіподақ мүшелерін «Еңбек күні» мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыстады.
Атап айтқанда, марапат алушылардың қатарында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы мекемелердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жастары, «Келешек жастар ұйымының» мүшелері: Дінмұхамед Қанатұлы — Шымкент қаласының Жастар ресурстық ортылығы басшысының орынбасары мен Серікбаев Қуаныш — Еңбекші аудандық Жастар ресурстық ортылығының басшысы марапатталды.
Салтанатты жиын соңы көңіл көтеретін мерекелік концерттке ұласты.
«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында еңбек адамдары ұлықталды
«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және салалық кәсіподақтардың бірлесе ұйымдастыруымен Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында «Еңбек адамын ұлықтау» іс-шарасы өтті.
Іс-шарада «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Әлтеев, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов салтанатты жиынға қатысқан кәсіподақ мүшелерін «Еңбек күні» мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы мекемелердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары: Әсембекова Раушан Әсілбекқызы — Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы — 2021» байқауының жеңімпазы және Жалмурзаева Айнур Келгенбекқызы — Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы — 2022» байқауының жеңімпазы марапатталды.