Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент медицина колледжі жастары арасында келеңсіз жағдайға тап болған жастарға психологиялық қолдау көрсету бойынша кездесу өтті.
Мақсаты – жастар арасындағы психологиялық сауаттылықты арттыру, ұйымдастырушылық қабілеті мен топпен жұмыс дағдыларын қалыптастыру.
Жастар ресурстық орталығы психологы қыз баласының қоғамдағы рөлі мен дұрыс қалыптасу кезеңдері бойынша әңгімеледі. Сондай-ақ, ерте жастағы жүктіліктің қауіп-қатері мен оның алдын алу жөнінде ақпараттармен бөлісіп, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Еңбекші ауданының жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен «Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында Парасат колледжі жастарымен құқық бұзушылықтың алдын алу мен жастардың діни сауаттылығын артыру мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге Әль-Фараби ауданының инспекторы, полиция майоры Юсупов Хабибулла Ибадуллаевич және РАНТ мүшесі, ҚМДБ оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұловпен қатысты.
Полиция майоры өз сөзінде жасөспірімдер арасында кең тараған құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы айтты.
Сонымен қатар, ҚМДБ оңалту бөлімінің меңгерушісі деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісті.
Достық үйі — қоғамдық келісім орталығында Аналар Кеңесінің кездесуі өтті. Кездесуге жиналғандар алдағы жұмыс жоспарларын талқылады. Отбасылық құндылықтарды сақтаудың және Қазақстандағы Отбасы институтын дамытудың маңыздылығына назар аударылды.
Сонымен қатар, қатысушылар жақында өткен мереке — Отбасы және еңбек күні туралы да айтып өтті. Бұндай мерекелер жас ұрпақ өкілдерінің бойында адал моральдық-адамгершілік бағдарларды тәрбиелеуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
Басқосуда елге,жерге,тіліміге,дінімізге деген құрмет туралы да жан-жақты айтылды. Бұл кездесу Қазақстандағы Отбасы институтын дамыту кезеңінде көптеген жоспарларды жүзеге асырудағы озық тәжірибелерге жалғасқан қызу да мазмұнды басқосу болды.