Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобилдь топ» Ақжар елді-мекенде мемлекеттік бағдарлама мен діни танымдығын арттыру бағытында шалғайлық жастарға ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстарына Тұран ауданы еңбек мобильді орталығының бөлім басшысы Шымкентбай Нұрбол мен Шымкент қаласы дін мәселерін зерттеу орталығының теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан қатысты.
Алдымен мемлекет тарапынан берілетін шағын несие, жұмыс іздеуші жастарға арналған бағдарламалар жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, дін өкілі деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен кереғар діни ағымдардан сақтану жөнінде сөз етіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты ақпараттарды бөлісуге немесе жарияламауға шақырды.
Кездесу соңында мемлекеттік бағдарламалар жөнінде арнайы әзірлгенген жадынамалық парақшалар тарқатылды.
Сонымен қатар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жастар басқосқан кездесу болды. Оны ұйымдастыруға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і қызметкерлері, «AQNIET ақпараттық-насихаттық және оңалту орталығы» мұрындық болды.
Кездесуде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім сақтау, ұлт араздығы мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу, жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау, әскери борышты өтеу сынды мәселелер айтылды.
Қазіргі кезде аға ұрпақтың елге үлгі болар қай ісін болмасын білімді, белсенді жастар іліп әкетіп, оны өз деңгейінде атқарып, өз замандастарының көшін ілгері бастауда. Кездесуде осындай жастарды үлгі ете отырып, жастар мәселесіндегі жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту сияқты жастарының қордаланған мәселелері туралы сөз болды.
Соңында жастар өзара пікірлесіп, кейбір түйткілді мәселелердің күрмеуін қалай шешуге болатындығы жөнінде пікірлесті.