Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы мен Қызылорда қаласының Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері жастармен жүйелі жұмыс күшін жандандыру мен дамыту мақсатында өзара тәжірибе алмасты.
Екі жақты кездесу барысында өңірлерде атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар мен жастар саясатын жүзеге асыру бағытында қолға алынған жоспарлар жөнінде пікір алмасты.
Шымкент қаласына арнайы ат басын бұрған әріптестер Қызылорда қаласындағы ауқымды жобалар мен тың жоспарларын ортаға салды. Сондай-ақ, Кәсіби техникалық және кәсіптік мамандықтарға арналған жоба жөнінде бөлісіп, нәтижесін жеткізді.
«Лудоманияның алдын алу жөніндегі кешенді жоспарды» әзірлеу мен іске асыру жөнінде 4 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өткен болатын. Екі жақты кездесу барысында жастар арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелерін шешу жолында бірқатар ұсыныстар тақыланып, ортаға салынды.
Бүгінде еліміздің жастарына үлкен қолдау көрсетіп отырған Президент тапсырмасы шеңберінде қалада осы санатқа кіретін азаматтардың жан-жақты дамуына, білім алуына, кәсіпкерлікпен айналысуына тиісті көмектер көрсетілуде.
Айта кетейік, Шымкент қаласында жастар санатына кіретін азаматтар саны бүгінде 363 мыңға жеткен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ұлттық жоба аясында биылдан бастап жастарға жеңілдікпен шағын несие беру қолға алынды. Енді 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Осы бағытта қала бюджетінен 261 жасқа шағын несие беру жоспарда бар. Бұл – кәсіпкерлікпен, тауар өндірумен, сатумен, қызметтер көрсетумен, өнім өндірумен айналысқысы келетін жастарға берілген үлкен қолдау.