Шымкент қаласында 11-22 қыркүйек аралығында 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың III-ші легі бойынша өтінім беру басталады.
Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Өтінім беру үшін не қажет?
Порталда тіркелу;
грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, «Мансап» орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.
Төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
өңіраралық қоныс аударушылар;
атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында қайтарымсыз гранттар алудың бірінші легіне өтінімдер қабылдауға екі аптадай уақыт қалды. Бағдарлама аясында 400 АЕК көлемінде грант беру қарастырылып отыр. Яғни, 1 миллион 380 мың теңге. Бағдарламаға биыл өзгеріс енгізіліпті. Енді жобаға жастар санатындағы азаматтар қатыса алмайтын болды.
Өтінім беруге соңғы үш жылда «Бастау бизнес» оқу курсын аяқтаған, сертификаты бар азаматтар қатыса алады. Сондай-ақ биыл 447 осал топтағы азамат қайтарымсыз грант алады деп жоспарланған. Олар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар азаматтар, өңіраралық қоныс аударушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және оның жұбайына төленетін жәрдемақы алушылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған азаматтар мен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Айта өтейік, 2022 жылы жалпы 1195 адам мемлекеттік грант алған. Оның 342-сі жастар санатындағы азаматтар.