Конференция жұмысын «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Иманқұлов Әбдез Рахманұлы төрағалық етіп, жүргізді.
Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық Атқарушы хатшының м.у.а Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы және Қаратау аудандық партия филиалы Саяси кеңесі мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, партия белсенділері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен «Жастар рухы» Жастар Қанатының мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселеле қаралды.
1. «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңге арналған міндеттер, оның ішінде партияның сайлау алды бағдарламасының орындалуы бойынша өңірлік Жол карталарын іске асыру жөніндегі есебі;
2. «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзерістер мен толықтырулар енгізу;
3. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезекті XLVІІ (47) есептік-сайлау конференциясына делегаттар сайлау.
Қаратау аудандық партия филиалының кезекті XLІХ (49) есептік-сайлау конференциясының өкілеттілік нормасына сәйкес 7595 партия мүшесінен конференцияға 60 делегат сайланып, оның 60-ы жиынға қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қаратау аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Иманқұлов Әбдез Рахманұлы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша Қаратау аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы және Шымкент қалалық партия филиалының кезекті XLVІІ (47) есептік-сайлау конференциясына сайланатын делегаттар тізімі таныстырылды. Конференция делегаттары қос тізімге енген азаматтарға бір ауыздан қолдап дауыс беріп, тізім бекітілді.
Конференция жұмысын қорытындылаған қалалық партия филиалы Атқарушы хатшының м.у.а Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы барша делегаттарды құттықтап, жұмыстарына толағай табыстар тіледі.