7 мамыр — «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай Шымкент қаласы Қаратау ауданында «Отан қорғау-парызымыз» атты жас жазба ақындардың патриоттық тақырыптағы мүшайрасы өткізілді.
Мүшайраға жалынды жырларымен келген 10 жас ақын қатысып, мүшайра ережесіне сәйкес сынға түсті.
Елдік пен ерлік, бірлік, ұлттық құндылықтар насихатталған жыр додасында Біржан Байтуов, Қажымұқан Абзал, Әлімжан Әлішер және аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Асылбек Тоқмағанбетов қазылық етті.
Мүшайра нәтижесінде:
1 орын Аружан Яхуда
2 орын Ақжан Тұрғын
2 орын Шұғыла Ермахан
3 орын Әліби Әлішер
3 орын Жамал Жүрсінбек
3 орын Нұрайлым Бекмұратқызы
Барлық қатысушалар мен жеңімпаздарды аудан басшысы алғыс хатпен, сыйлықтармен және арнайы жүлде қорымен марапаттады.