Мереке қарсаңында Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ерлік пен елдік рухы»атты жас ақындар айтысы өткізілді.
Жас дарынды әрі талантты жастарды қолдау мақсатында өткізіліп отырған дәстүрлі аудандық айтыста белгілі ақын Біржан Байтуов жетекшілік ететін «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің талантты 10 жас ақыны өз бақтарын сынады.
Жастар өнеріне қазылық етуші құрам қатарында танымал айтыскерлер Анар Жаппарқұлова, Ақмарвл Леубаева және Бөрібай Оразымбет болды.
Ұлттық өнерімізді ұлықтауға бағытталған шарада аудан әкімі сөз алып, қатысушылар мен тұрғындарды мерекемен құттықтады.
«Елдік рухымыз, ұлттық санамыз, төл өнеріміз ең бастысы өзіміз үшін керек. Отанды да, өнерді де қорғайтын ел жастары тұрғанда біз келешекке кемел сеніммен қарауымыз керек. Ең бастысы ел іргесі аман, халқымыз бейбіт ғұмыр кешсін»-деді, аудан басшысы. Тартысты өткен айтыс нәтижесі бойынша
Бас жүлде — Нұрлыбек Мейірманов,1 орын-Мейіржан Жақып, 2 орындар — Аян Ниязбек, Нұрғали Әнапия, 3 орындар — Бекарыс Рахматуллаев, Дәурен Полатбаевқа бұйырды. Арнайы жүлдені Жандос Мырзабек, Даниал Болысбек иеленді.
Еске сала кетейік, барлық қатысушылар мен жүлделі орын иегерлеріне арнайы сыйақылар табысталды.