Шымкент қаласы Қаратау ауданында қаланың даму жоспарында көзделген көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында ағымдағы жылы 34 балалар ойын алаңшасы, 7 ашық спорт алаңшасы және 8 демалыс орындары (скверлер, аллеялар) салу жоспарға қойылған.
Нысандарды салу аудан аумағына қарасты 10 елді мекенде жүргізіледі. Оның ішінде тұрғындар өтінішіне сәйкес «Тұран-2» шағынауданында — 12, «Нұрсәт» шағынаудандарында — 14, «Тассай» тұрғын алабында -1, «Таскен» тұрғын алабында -1, «Достық» тұрғын алабында — 1, «Мәртөбе» тұрғын алабында -1, «Шапырашты» тұрғын алабында -1, «Нұртас» шағынауданы – 1, «Қайтпас» шағынауданы – 1, «Тұран» шағынауданы – 1 балалар ойын алаңшаларының құрылысы атқарылатын болады.
Сондай-ақ, «Тұран-2», «Нұрсәт», «Өтеміс», «Шапырашты», «Таскен» елді мекендерінде ағымдағы жылы 7 спорт алаңшаларын салу жұмыстары жасалады.
Ал, тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында «Нұрсәт» шағынаудандарында – 5, «Тұран» шағынауданы – 2, «Тассай» тұрғын алабында -1 демалыс орындарының (аллеялар мен скверлер) құрылысы бастау алмақ.
Аудандағы барлық абаттандыру жұмыстары аудан әкімдігі бақылауында. Жауапты мамандар тарапынан жауапты мекемеге құрылыс жұмыстарын талапқа сай әрі сапалы жүргізілуі қажеттігі ескертілді.
Қала халқын тұрғындардың игілігі үшін істелініп жатқан жұмыстарға күтіммен қарауға шақырамыз!