ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үшінші мегаполистегі жұмыс сапары барысында жергілікті кәсіпкерлермен жүздесті. «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен жиынға ведомства басшысы Әлібек Саматұлы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, кәсіпкерлер палатасының басшылары мен іскер азаматтар қатысты.
– Біздің өңірлерді аралаудағы мақсатымыз – халықпен, кәсіпкерлермен бетпе-бет жүздесу, оларды тыңдау. Мұндай жиындар әр өңірде тұрақты түрде өтіп келеді. Себебі, Ұлттық экономика министрлігінің мақсаты – макроэкономиканы тұрақтандырумен қоса шағын, орта және ірі кәсіптің де дамуына жағдай жасау. Ал ол үшін кәсіпкерлер өздері тап келетін күрделі жағдайларды айтып, жетістіктерімен, тәжірибелерімен бөліскені барлық тарапқа пайдалы. Сондықтан, бұл кездесу еркін түрде өткені дұрыс, – деді Әлібек Саматұлы.
Ары қарай бірден жергілікті кәсіпкерлер кезекпен сөз алып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды, министрдің тікелей жауабын тыңдады. Мысалы, «Барыс–2007» ЖШС басшысы Айжан Найымбекова бидай өнімдерін терең өңдеуге жатпайтын кәсіпорындарға жеңілдік қарастыру мен өнімдерді орау қаптамаларын шетелден сатып алатындарып, осыған байланысты қазақстандық өнімдерге қолдау көрсетуді сұрады.
Ал белсенді жас Жасур Жұматаев Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған жастарға жеңілдікпен берілетін несие туралы толығырақ білгісі келетінін жеткізді.
Сондай-ақ, министр » Біріншіден халықпен кездесу, содан соң индустриалды және өзгеде нысандарды қарау. Себебі республикалық бюджеттен ірі қаражат бөлінуде. Оның тиімділігін қарап, қандай қажеттілік бар білу қажет. Оның бәрін қарастыру керек. Содан кейін халықпен кездесу барысында проблема ұсынысы бар барлығын қарастырамыз. Кәсіпкерлік нысандардағы мәселені назардан тыс қалдырмаймыз. Шұғыл мәселені жылдам шешуіміз мүмкін»-деді ол.
Министр Әлібек Қуантыров еркін тақырыпта өрбіген жиында айтылған әр сұрақты, ұсыныс-тілекті жазып алып, сол мезетте жауап беріп отырды. Оның айтуынша, көптеген жағдаймен таныс, алдағы уақытта елордада тиісті мемлекеттік органдармен бірге қаралады.