on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент гарнизонының әскери қызметшілері темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысты

28 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент гарнизонының әскери қызметшілері темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысты
0
SHARES
47
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі – лауазымды тұлғаларды бас бостандығынан айыру орындарына апарып, қылмыс жасаған адамдардың ұстау шарттарымен таныстыру болып табылады.
Шымкент гарнизонының әскери полициясы мен Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен гарнизонның әскери қызметшілері қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының тәртібімен танысып қайтты.

Қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері уақытша ұстау изоляторының жұмысымен, яғни қамаудағыларды ұстау шарттарымен, айыпталушының жататын жерінен бастап, медициналық бөлме, асхана, аула сынды жерлермен жеке таныстырып шықты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шараларжүргізіледі. Бұл қылмыспен тек арнайы органдар ғана емес, өз шеңберінде барлық мемлекеттік органдар, қызметкерлер күрессе ғана, тиімді нәтижеге қол жетпек. Мемлекеттік қызметке жаңадан орналасқан жас мамандардың арандап қалуының алдын алу үшін оларға тәлімгерлер бекітіп, адал және ашық жұмыс істеуін қадағалау керек.

Сыбайлас жемқорлық — қоғам үшін өте қауіпті қылмыс. Ал қылмыстың өтеуі қашанда — жаза. Заңсыз пайдаға қызығып, шалыс басқан көптеген бұрынғы лауазым иелері, түрлі деңгейдегі қызметкерлер тиісті жазасын өтеп, біраз жыл өмірін темір тордың арғы жағында өткізіп жатыр. Мұндай өкініштің алдын алу үшін, жоғарыда айтқанымыздай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор. Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бағдарламар қабылданды, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен арнайы дөңгелек үстелдер, семинарлар тұрақты өткізіліп тұрады.
Ең бастысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеккөрушілік көзқарас қалыптастыруымыз керек. Ол, әрине, жастардан басталғаны дұрыс. Бүгінгі жас ұрпақ — ертеңгі күні ел тізгінін ұстайтын азамат. Ата-бабамыздың: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», деген нақыл сөзі бар. Біз балаларымызды, жас ұрпақты қалай тәрбиелеп, қандай үлгі көрсетсек, ертең соның нәтижесін көреміз. Сондықтан елдің, жеке адамның тағдырына тигізер зардабы, кесірі зор жемқорлыққа қарсы тәрбие отбасынан басталуы керек. Отбасында ізгі тәрбие алған адам қанағатсыздық, ашкөздік, жауапсыздық сияқты қасиетсіздіктен аулақ болады. Яғни сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою — өз қолымыздағы іс дегім келеді. Ал бұл еліміздің ертеңі, ұрпағымыздың лайықты өмір сүруі үшін өте маңызды.

Аталған шара оңай олжаға құныққан азаматтардың тар қапастағы тыныс-тіршілігімен таныстыру арқылы әскери қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік иммунитетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Оларға пара алудың, яғни қызмет бабын асыра пайдаланып ақша табудың соңы осылай болатын тағы да ескертілді.
Әрине, көзге жақсы көрініс бермейтін шараның куәгерлері мұздай қара құлып пен тікенді темір тордың арғы жағындағы өмірді өз көздерімен көріп, тар қапаста отырғандардың өкінішін жүрекпен сезіп, олардың қатесін қайталамайтынын білдірді.

Tags: 3 мегаполиссыбайлас жемқорлықшымкентәскер
Previous Post

Әділетті экономиканы құруға Шымкенттік кәсіпкерлер дайын

Next Post

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі