Қала аумағында көлік инфрақұрылымы жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.
Жалпы ұзындығы 351 шақырымды құрайтын 187 жолдың құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2018 жылы бұл көрсеткіш 98 шақырымды құраған болса, қазіргі кезде көлік инфрақұрылым көрсеткіші 3,6 (358 %) есеге ұлғайған.
Биылғы жылы “Д.Қонаев” пен “Т.Рысқұлов” көшелері қиылысындағы жолайрықта құрылыс жұмытсары аяқталып, көлік қозғалысы үшін пайдалануға берілді. “Арғынбеков” пен “Бәйдібек би” көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқын алған. Бүгінде қала аумағындағы сапалы жолдардың көрсеткіші 67,4 % -ды құрайды.
Аталған межені 2025 жылға қарай 79 %-ға дейін жеткізу көзделген. Атап айтар болсақ қала аумағында 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 айналма жолын қайта құру жұмыстары, “Д.Қонаев” даңғылының жалғасын салу жоспарланған.Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 261,1 шақырымға орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен қоса, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселеді. Қазіргі таңда жоспарланған 19,3 шақырым жол толық күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 125,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 77,3 шақырым жолға шағал тас төселді. Бүгінде қаламыдағы жолдардың 63,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. 2022 жылдың соңына дейін 2188,7 шақырым жолды асфальтобетон жамылғысы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарлануда.
Ал, 2023 жылы асфальт жолдар үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған. Биылғы жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарының 28,9% пайызы орындалған. Осы жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарланған. Оның ішінде 2 нысан жолайрықтың құрылысы (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би-Арғынбекова) 13 нысанда жаңа жолдардың құрылысы (Қонаев 1,2,3,5,6 кезеңдері, Оңтүстік,Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесінің 1,2 кезеңі жол құрылыс жұмыстары). 5 нысанда қайта құру жұмыстары (А-2 2,4,7,8 кезеңдер, Адырбеков көшесі), 3 нысанда күрделі жөндеу (Ақжайық, Қайтпас, Тассай «Алемтрансжол» шағын аудандарын және Қошқар-ата өзені арқылы өтетін 2 көпірді күрделі жөндеу).