Бүгін «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының коворкинг орталығында «Bir Tolqynda» ашық диалог алаңы аясында «Қазіргі Қазақстандағы жастардың азаматтық автивизмін» талқылау отырысы өтті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, фракция жетекшісі, штаб мүшесі Б.Тулегенов, және Ж.Білісбеков қатысты.
Қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші – жастар. Қазір жиында отқан сіздер рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақсыздар.
Алдағы Президент сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан. Әрбір азаматымыз – біртұтас Қазақстан халқының ажырамас бөлшегі. Отанымыздың болашағы – сіздердің қолдарыңызда.
Қазіргі таңда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастардың өсіп-өркендеуі үшін бәріне бірдей әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер ұсынып отыр. Кешегі күні «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділерімен кездескенде айтқан сөзінде жастар саясатын түбегейлі қайта қарап, «Жастар үшін» деген қағидаттың орнын «Жастармен бірге» деген қағидаттың басатындығын жеткізді.
Ең басты байлығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұрпаққа мирас ету бүгінгі буынның қасиетті парызы. Осы жауапты сәтте әрқайсымыз өз тарихи таңдауымызды жасауымыз керек. Бұл – ел тағдырына ықпал ететін маңызды қадам.
Баршаңызды тарихи таңдау жасауға шақырамыз. Біздің Отанымыз – бір, Мемлекетіміз – бір, Халқымыз – бір.
Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Бұл Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері өткізілген жетінші президенттік сайлау және 1999 жылдан бері қатарынан алтыншы кезектен тыс сайлау болмақ.
Мемлекет басшысы Парламенттің кезекті сессиясында халыққа жолдауында айтқандай «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» деп өз сөзінде нақты жеткізді. Яғни, Президенттің кезектен тыс сайлауы, мемлекетіміздің оң өзгерістерге ұласып дамуына өте үлкен үлес қосады.
Сайлау – азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны. Бұл сайлау демократиялық қоғамда мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттырады, үкімет пен басқарушы саяси партияның саясатын бағалайды, мемлекеттің қызметіне қоғамның бақылау жасауына мүмкіндік береді, саяси жанжалдың алдын алады. Осы міндеттер атқарылуы үшін сайлау жалпыға бірдей, тең және ерікті түрде өтуге тиіс. Президент сайлауы біздің еліміздің бірлігі мен тұтастығының, азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн. Елімізге жаңа серпін әкеліп ғана қоймай, болашаққа нық қадам жасауға үлкен мүмкіндік береді.