Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді.
Мақсаты: Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу.
ОҚМПУ-нің аға оқытушысы, теолог, РАТ мүшесі Беспаев Мади Абзалбекұлы және «Отырар» колледжінің студенттері қатысты.
Қазіргі жастар білім алу, өмір сүру жағынан алғанда сауатты, бірақ діни сауаттылық тұрғысынан алғанда бәрі бір деңгейде емес. Дінге бет бұрған жастар одан дәстүрдің тамырын, өздеріне рухани азық іздейді. Ал дінге қызықғушылық танытпайтын жастар мәдени ұстанымдардың аясында өмір сүреді. Сондықтан жастарды дінге қызығатын немесе бейтарап қарайтын деп бөліп қарастыруымыз керек.Жастарға зайырлы қоғамға сәйкес өмір сүріп, діндарлық мәдениетін ұстануды үйрету керек. Діндарлық мәдениет деген тек ғибадат жасау емес. Ол — адамның ішкі және сыртқы болмысының үйлесімділігі, ішкі рухани мідениетінің жоғарылығы, нақты қоғамдық қатынастарға бейімделу, мемлекеттік ұстанымдарға сай әрекет ете білуі. Өкінішке орай, теріс діни ағымның жетегінде кетіп жатқан жастар медицинаның жетістіктерінен бас тартуды шығарды, ортағасырлық дәуірде өмір сүруді қалайтын топтар пайда болды,-дейді дінтанушылар.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.