«Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды. Апостиль қою мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесі жеңілдетілді.
Е-Апостиль сервистік бағдарламалық өнімі шеңберінде электрондық апостиль алуға өтініштер қабылдау, электрондық өтініштерді өңдеу эәне электрондық апостиль қалыптастыру жүзеге асырылады, бұл өтініш берушілерге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн режимінде өтініш беруге мүмкіндік береді.
Азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық өтінішті және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі «Электрондық Үкіметтің» веб порталы арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы жіберілген электрондық өтінішке сканерленген құжаттары (PDF файылында) Е-Апостиль сервистік бағдарламалық өнімі жүйесінде тіркеледі. Келіп түскен құжаттарды қабылдауды, өңдеуді, тексеруді және дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның қызметкері онлайн режимінде жүзеге асырады.
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы Е-Апостиль ақпараттық жүйесі арқылы апостильдеуге жататын электрондық құжатта электрондық апостиль қалыптастырады және уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Электронды Үкімет Портал өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жібереді.
Электрондық апостильдің нәтижесі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамның немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған ресми құжаттың сканерленген көшірмесімен бірге апостиль бар PDF файлы түріндегі электрондық форматта қалыптастырылады.
Электрондық апостиль Электронды Үкімет Порталы арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш берген кезде қорғау кодын қолдана отырып, апостильді жүктеу арқылы беріледі.
Электрондық апостиль мөртабанының астында электрондық беттің мекенжайында сілтеме көрсетіледі.
Шет мемлекеттің уәкілетті органы көрсетілген электрондық мекенжайда екі қорғау кодын енгізу арқылы электрондық апостиль мөртабаны бар ресми құжатты тексеруді жүзеге асырады.
Осыған байланысты апостиль қоюдың осы автоматтандырылған рәсімі азаматтарға мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.
Электронды апостильдеудің басты артықшылығы апостиль шығаруға және оның түпнұсқалығын белгілеуге жұмсалатын шығындар мен уақытты қысқарту, апостиль қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдету, алаяқтықтан қорғауды арттыру, құзыретті органдардың жүктемесін азайту, құжаттарды жоғалту қауіпін азайту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету және статистика жүргізуді жеңілдету болып табылады.
Электрондық апостиль-апостильді қою, жазу және тексеру үшін жылдам, қауіпсіз және қағазсыз процедураны енгізеді.
Сондай-ақ, апостильдің мерзімі шектелмеген, алайда құжаттың мерзіміне шектелу қойылуы мүмкін. Кедендік, дипломаттық, консулдық, коммерциялық құжаттары және жеке куәлік, төлқұжат апостильдеуге жатпайды.
Шымкент қаласы Әділет департаментінің
тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік
амтамасыз ету және бақылау бөлімінің
бас маманы А.Кадирова