Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті студенттерімен кездесу өтті.
Мақсаты – Жастар арасында нашақорлықтың және ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастырып спортпен шұғылдану.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Нұрлан Сембаев, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог психиатр дәрігері Раушан Асановна, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Ержан Әбуталиев және Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Грепплингтен әлем чемпиондары Бағдаулет Абызов пен Бейбарыс Шыңғысбек қатысты.
Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева адам ағзасында қауіпті және қауіпсіз биологиялық сұйықтықтың жұғу жолдары және АИВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы айтып өтті. Сонымен қатар жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді. Нашақорлық проблемалары және оның алдын алу жолдары бойынша қатысушыларды ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында, полиция подполковнигі Нұрлан Сембаев нашақорлықтың проблемасын, есірткіні қолдану салдарының ауқымдығын айтып берді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары мен есірткі қылмыстарын жасағандары үшін жауаптылыққа тартылатындары туралы түсіндірді.
Кездесу соңында қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақырды.